деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы бұл меморандумға облыс әкімі Болатбек Қуандықов пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Владимир Школьник қол қойды. Бұл құжат аясында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы нақты мынадай жобаларды жүзеге асыратын болады. Қызылорда қаласындағы перзентхана үйінің құрылысына 2010 жылы 909 миллион 800 мың теңге бөлінеді. Шиелі кентінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 499 миллион 448 мың теңгелік интернат үйінің құрылысы, Шиелідегі Көкшоқы ықшам ауданында 16 миллион 800 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, «Қазатомөнеркәсіп» ұттық атом компаниясы» уран өндірілетін аймақтардағы әлеуметтік бағдарламаларын іске асыруды жалғастыра береді. Бүгінгі таңда компанияның Қызылорда облысының әлеуметтік саласын дамытуға салған инвестициясы 4 миллиард теңгеден асып кетті. Оның ішінде бұған дейін жүзеге асырылған мынандай жобалар бар: Жаңақорған ауданындағы жол учаскелері мен Жаңақорған кентіндегі автомобиль жолдарын жөндеу (225 миллион 157 мың теңге); Жаңақорған ауданындағы мектепті керек-жарақ және құрал-жабдықтармен жабдықтау, балалардың білімін көтеру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру (19 миллион 484 мың теңге); Шиелі кентіндегі автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізу (70 миллион теңге); Шиелі кентін абаттандыру (145 миллион . 334 мың теңге); Шиелідегі №127 мектепті кеңейту және құрал-жабдықтармен жабдықтау (530 миллион 375 мың теңге; Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу (196 миллион 145 мың теңге) және тағы басқалар бар.