Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қоғаммен байланыс басқармасынан хабарлады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұл несие қаржысын төлеу мерзімі 2015 жылғы мамырға тура келетін өзінің еурооблигацияларын қайта қаржыландыруға жұмсайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылы 500 миллион долларлық дебюттық еурооблигацияларын шығарғаны мәлім. Бес жылға есептелген құнды қағаздың сыйлық мөлшерлемесі - 6,25%. Еурооблигациялар шығарылымынан түскен қаржының басым бөлігі табиғи уран өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталған.