«Біздің алдағы уақытта 25-26 мың тонна уран өндіруге мүмкіндігіміз бар. Алайда өндіріс күшін арттыру сұранысқа қарай жүзеге асырылады. Бұған уран қоры да, жұмыс күшінің әлеуеті де жетеді. Қазіргі кезде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-да 26 мың адам жұмыс істейді. 100 еншілес және тығыз байланысты жұмыс атқаратын кәсіпорны бар. 20 кен орны бойынша әлемнің жетекші уран өңдеуші елдерімен 10 біріккен кәсіпорындар құрылған. Алдағы уақытта сұранысқа орай бірқатар біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздейміз. Бұл ретте айта кетерлігі бізге қағаз жүзіндегі инвесторлар қажет емес. Бізге жаңа технология әкелетін, жаңа өнімдер өндірісін жасауға мүмкіндік беретін инвесторлар қажет», деді С.Яшин.
Ол сондай-ақ 2011-14 жылдары әлемде АЭС салудың артуымен уран тапшылығының орын алуы мүмкін деген жорамалмен келіспейтіндігін білдірді. «Уранға сұраныс артуы мүмкін. Уран өндіруші компаниялардың әлеуеті жететіндіктен, профицит орын алмайды», деді ол. Оның айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ биылғы жылдың өзінде 18 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр.