"КазАтомӨнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев қамауға алынды

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - «КазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев қамауға алынды, сот санкциясымен оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұтқындады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса ірі мөлшердегі қаржыны қымқыру фактілері бойынша Ұлттық атом компаниясының бірқатар лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.