«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының дәстүрлі спартакиадасы өтеді

АЛМАТЫ. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 22-26 тамызда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның XІ спартакиадасы болады.

Оған компанияның еліміздің түрлі аймақтарында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының, біріккен және еншілес кәсіпорындарының 20-дан астам командасы қатысады. Әлеуметтік сипаттағы бұл шара 23 мың қызметкері бар ұлттық компаниянның еңбек ұжымындағы корпоративтік рухты көтеруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Дәстүрлі шаранының Орталық стадионда өтетін салтанатты ашылу рәсіміне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Владимир Школьник қатысады.