- 9 айдың қорытындысы бойынша бюджетке төленген пайдалы қазба игеру салығының мөлшері 165 млрд теңге болды. Жыл қорытындысы бойынша 230 млрд теңге болады деген болжам бар. Бұл былтырғыдан 2 еседей көп, сәл жетпейді, - деді компания басшысы
Сондай-ақ ол кәсіпорынның жалпы жылдық салық жүктемесін атады.
- Бұл – корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салықтардың сыртындағы салық. Тіпті қосылған құн салығы да бар. Жалпы холдингке түсетін салық жүктемесі 2025 жылы 800 млрд теңгедей болады, - деді Мейіржан Юсупов.
Еске салсақ, күз басында «ҚазАтомӨнеркәсіп» жүйесіндегі қаржы жымқыру ісі сотқа жолданған болатын.