Қазатомөнеркәсіптің экономика жөніндегі бас директоры қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма құрамында өзгеріс болды. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Басқарма мүшесі, акционерлік қоғамның экономика және қаржы жөніндегі бас директор Сұлтан Темірбаев 2024 жылғы 19 тамыздан бастап жұмыстан кету жөнінде шешім қабылдаған.
Сұлтан Темірбаев бұл қызметке былтыр тамызда кіріскен еді.
Қажетті корпоративтік рәсімдер жүргізілгеннен кейін бұл лауазымға Марат Төлебаев тағайындалады деп күтіліп отыр.
«Төлебаев мырзаның 18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде Қазатомөнеркәсіпте түрлі лауазымдарда 10 жыл еңбек еткен. Төлебаев мырза корпоративтік басқару департаментін 2014 жылдан 2017 жылға дейін 2017 жылы компанияның экономика және бюджеттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалғанға дейін басқарды. Ол компанияны IPO-ға дайындауға белсенді қатысты және оны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды» дейді компаниядан.
Марат Төлебаев 2019 жылы компаниядан кетіп, соңғы уақытта Kazakhstan Investment Development Fund басқарма төрағасы қызметін атқарды.