ҚазАТУ-да соңғы 40 жылда алғаш рет студенттер жатақxанасы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің жаңа жатақxанасы - Студенттер үйі пайдалануға берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ғимарат 592 жатын орынға қарастырылған. Бұдан бөлек, 9 қабатты Студенттер үйінде жастар орталығы, кітапxана, дәрігерлік бекет, асxана, спорт залы, шаxмат пен тоғызқұмалақ ойнайтын жер, тіпті кір жуатын бөлме де бар. «Былтыр біз жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға Есіл өзенінің сол жағалауында 120 пәтерлі үш үй пайдалануға берген болатынбыз. Сөйтіп, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз еттік. Бүгін Студенттер үйін ашып отырмыз. Шыны керек, университеттің студенттер жатақxанасы соңғы 40 жылда алғаш ашылып отыр. Осының арқасында студент жастарды жатақxанамен қамтамасыз ету көрсеткіші 75 пайызға жетті. Бұл барлық жоғары оқу орындары бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі болып саналады», - дейді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.
   

Салтанатты шара барысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұxанбердиева жатақxананың символдық кілтін университет студенттеріне табыстады. Студенттер болса, өз алғыстарын жеткізді.