ҚазАТУ үш тілді оқыту жүйесін 48 мамандық бойынша енгізіп отыр - ректор
«Жұмыс берушілердің ұсыныстары мен пікірлері негізінде университеттің білім беру бағдарламасына 200-ге тарта жаңашылдық енгізілді. Тәжірибеден өту мерзімі 3 айдан 8 айға ұлғайтылды, 82 пән бойынша дуалды оқыту енгізілген. 48 мамандық бойынша үш тілді оқыту жүріп жатыр», - деді ол бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаевамен болған кездесуінде.
Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, Калифорния университетімен бірге ҚазАТУ-дың даму стратегиясы жасақталуда. Сондай-ақ университеттің аумағында тәжірибе алуға және түрлі зерттеулер жасауға мүмкіндік беретін тәжірибелік шаруашылық ашылған.
«Соңғы 4 жылда университеттің ғылыми зерттеулерді қаржыландыруы 6 есеге өскен. 2015 жылы университет түлектерінің 82 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш Қазақстан ЖОО-ры арасында ең үздік көрсеткіш болып табылады», - деді А.Күрішбаев.