Айдын Айымбетов 2 қыркүйек күні СОЮЗ ТМА 18 М ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш стансасына ұшқан болатын. Отандасымыз мұнда бірқатар ғылыми тәжірибелер, атап айтсақ экология, физика және медицина саласында зерттеулер жүргізуде. Сондай-ақ, бұл күндері қазақ ұлттық тағамдарын ғарышкерлер рационына енгізу тәжірибеден өткізіліп жатыр.
Айта кетейік, Айдын Айымбетов бұл сапарын Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ата заңымыздың 20 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арнайтындығын айтқан болатын.