— Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 702 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 11 679 қоңырауға жауап берді, — делінген хабарламада.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл жолдарды жөндеуге 781 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеген болатын.