— 3 қараша күні кешке Абай, Ақмола, Алматы, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — деп жазды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске саламыз.
Айта кетейік, бүгін қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында жолдағы жылдамдыққа шектеу енгізілген болатын.