ҚазАвтоЖол биыл қандай жобаларды қолға алады

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ биыл ұзындығы 96 шақырым болатын 2 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Фото: Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2024 жылы ұзындығы 96 шақырым болатын «Ақтөбе-Ұлғайсын» (56 шақырым) және «Жазқазған-Қарағанды» (40 шақырым) жобаларына кірісуді жоспарлап отыр.

«Олардың қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы бар десе де болады. „Жезқазған-Қарағанды“ жобасы бойынша 2 учаскеге (40 шақырым) „Мемсараптама“ РМК сараптамасы алынды. Мердігер ұйымды анықтау үшін тенлерлік құжаттама әзірленіп жатыр. Биылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін 20 млрд теңге бөлінген», — делінген аталған компанияның агенттік сауалына берген жауабында.

Ал «Ақтөбе-Ұлғайсын» жобасының 2 учаскесіне сараптама қорытындысы алынып, тендер жарияланған.

2024 жылы 3 қаңтарда өтінімдерді ашу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта өтінімдер қарастырылып жатыр.

«763-791 шақырымды қамтитын 1 учаске бойынша қарау қорытындысын күтіп отырмыз. 2024 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға 16 млрд теңге бөлініп отыр», — деді компаниядан.