ҚазАвтоЖол екі тасжолда су тасқыны анықталғанын хабарлады
21:15, 21 Наурыз 2024
21 наурызда сағат 18:41 шамасында Абай облысының «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» тас жолы учаскесінің 767 және 834 шақырымдарында еріген сулардың тасқыны анықталды, оның ұзындығы 30 метр, ені 0,5 см.
«Көрсетілген аумақта су өтетін құбырлар қарастырылмаған. Қазіргі уақытта еріген суды ағызу жұмыстары жүргізілуде. Жол мен жол төсемінің бұзылу қаупі жоқ, көлік қозғалысы шектелмеген. Учаскеде 6 бірлік техника жұмылдырылып, тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде», — делінген ақпаратта.
Бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Ленин-Ақсу-Көктөбе-Б.Ақжар-Курчатов» автожолының 213 шақырымында екі жерден еріген судың тасуы тіркелді. Су тасқынының жалпы ұзындығы 10 м, биіктігі 0,5 см құрайды.