ҚазАвтоЖол ертең бірнеше өңірдің жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті

АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол республикалық жолдарда ертеңгі ауа райы болжамын ұсынды.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

«Ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», — деп жазды жауапты ведомстводан.

Айта кетейік, тұрғындарға 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.