«Қазавтожол» филиалының бұрынғы басшысы мен орынбасары қамауға алынды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау соты «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарын қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақтау қалалық мамандандырылған тергеусотының 2019 жылғы 19 маусымдағы үкімімен Маңғыстау облысы бойынша жемқорлыққақарсы қызметінің «Қазавтожол» ҰК» АҚ Мағңғыстау облыстық филиалының директоры мен оның орынбасарын екі ай «қамаудаұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінімі қанағаттандырылды»,- деп мәлім етті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Мекеме басшылығы ҚР ҚК-нің 366-бабы (пара алу), сондай-ақ 189-бабы (сеніптапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойыншаайыпталуда.

Еске салайық, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры мен оның орынбасары биылғы маусымайында ұсталғанболатын.

Олар Маңғыстау облысындағыавтожолдардың құрылысы кезінде орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісізқол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алды дегенкүдікке ілінді. Тергеу нұсқасына сай, аталған топ орындалған жұмыс туралыжалған құжаттарды толтыру арқылы 500 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатынжымқырған.