Үкіметтің тиісті Қаулы жобасы Электрондық үкімет сайтында ашық талқылауға шығарылды.
«ҚазАвтоЖол» автомобиль жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор болып саналады. Көліктік-логистикалық жүйені дамыту арқылы тиімді инфрақұрылым құру мақсатында ұлттық компания акцияларының пакеті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға берілген.
Түсіндірме хатында Қаулы жобасын жүзеге асыру мемлекет бюджетінен қаражатты қажет етпейтіні және жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны айтылған.