Автожолдың 212 600 шақырымында 1600 м² (200 метрге жуық) ауданда жаңадан төселген қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның ығысуы түріндегі ақаулар белгілі болды.
«Аталмыш учаскеде жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме „ӘлемТрансЖол“ ЖШС атқарып жатыр. Мердігер мекемеге барлық анықталған ақауларды жою және сол жұмыстардың сапасы мен қорытындысын растау үшін арнайы аккредиттелген зертханалар мен институттардан растайтын құжатты ұсыну тапсырылды», — деп жазды жауапты ведомстводан.
Қазіргі таңда ақауларды автожол учаскесінде ақауларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Келісімшартқа сәйкес мердігерге анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жол құрылысы бойынша 754 млн теңгенің заңбұзушылықтары анықталды.