«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адуов Талғат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және жалғыз акция иеленуші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ келісімі бойынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы бұйрығымен 2016 жылдың 15 тамыз күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Адуов Талғат Мүбаракұлы тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Адуов Талғат Мүбаракұлы 1973 жылдың 20 наурызда дүниеге келген, білімі жоғары, Стамбұл қаласындағы Мармара Түрік мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласындағы «Туркуаз Телеком» ЖШС филиалы директорының орынбасары ретінде бастаған.

1999-2000 жылдары «РАМ-Хенкель» ЖШС директорының орынбасары.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің инвестициялық жобаларды бақылау бөлімінің үшінші хатшысы.

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментiнің үшінші хатшысы.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы, кеңесшісі, бірінші хатшысы.

2007-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасы басшысының орынбасары, сарапшысы, аға кеңесшісі, кеңесші қызметтерін атқарған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.

«Ерен еңбегі үшін» (2012 ж.) медалімен марапатталған.