«ҚазАвтоЖол» ҰК жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Қазақстандағы бірыңғай оператор болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту бойынша Қазақстандағы бірыңғай оператор болып жарияланды, деп хабарлайды kazautozhol.kz.

Мемлекет басшысы бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - ұлт жоспарын жариялады. Жоспардың басым бағыты - жол көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. 58-ші қадамда қадамда көрсетілгендей, жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор болуы үшін стратегиялық инвесторлар тарту көзделеді. Инвестициялар тартуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында 27 қазан күні Мемлекет басшысы «Ұлт жоспарын, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», Қазақстанның көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаларын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ұлттық операторына жаңа міндеттемелер жүктелген. Біріншіден, «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторына республикалық маңыздағы автожолдарды дамыту, сонымен қатар автожол саласына ақылы қызмет жүйесін енгізу мақсатында стратегиялық инвестицияларды тарту құзыреті берілген. Екіншіден, Ұлттық операторға республикалық автожолдарды жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жобаларды басқару бойынша жаңа жауапкершіліктер артылған. Бұған қоса, Ұлттық оператор республикалық маңызға ие жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында көлік қызметінің дамуына бақылау жасайды. Ақылы жолдар жүйесін енгізуге құйылған инвестициялық қаржы жол пайдалану техникасын сатып алу және қызмет көрсетуге бағытталып, ақылы жолдардан түскен қаражат есебінен қайтарылады. Сонымен қатар ІІІ техникалық категориядағы жүк автокөлік жолдардына ақылы жүйе енгізіп, жүк автоколіктерінің қозғалысын қадағалау жасау - республикалық бюджетке түсетін салмақты жеңілдетеді. Осылайша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторы жолкөлік инфрақұрылымын дамыту және күтіп ұстау мәселелерімен айналысып, оған шет елдік инвесторларынан түскен қаражатты да пайдаланады. Өз кезегінде инвесторлар жол көлік жүйесін құру мен дамытуға сеніммен қаражат құя бастайды. Себебі ұлттық жол-көлік жүйесі Бірыңғай оператордың басқаруымен жүзеге асатын болады.