«Шектеулер Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан республикалық тасжолдарға қатысты. Жабық учаскелер алдында жүк және қоғамдық көліктердің кептелісі тіркелген жоқ», - делінген компания мәліметінде.
Қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін келесі учаскелерде жол жабық:
- «Самара-Шымкент» тасжолы, Батыс Қазақстан өңірі шекарасы – Құршасай ауылы аралығы;
- «Самара-Шымкент» тасжолы, Экойл жанармай бекеті – Қарабұтақ ауылы аралығы;
- «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы»;
- «Самара-Шымкент» тасжолы, Подстепное ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы аралығы;
- «Атырау-Орал» тасжолы, Атырау облысы шекарасы – Орал қаласы аралығы.
Республикалық жолдарды тазартуға 300 арнайы техника жұмылдырылды.