«Қазбат» деректі фильмінің таныстырылымы болады
17:30, 07 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Елордалық «Жастар» сарайында ағымдағы жылғы мамырдың 8-інде сағат 19.00-де Памирде 1995 жылғы сәуірдің 7-сіндегі оқиға туралы әңгімелейтін «Қазбат» деректі фильмінің таныстырылымы болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ұжымдық қауіпсіздік туралы» 1992 жылғы мамырдың 15-індегі мемлекетаралық шартқа сәйкес ел басшылығы Қалайқұм қаласы аумағындағы тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын нығайту үшін Қазақстан Республикасының қосынды батальонының құрамында ІІМ Ішкі әскерлерінің қосынды ротасын жіберу туралы шешім қабылданған болатын. Ауысымды кесте бойынша осы кезең ішінде Ішкі әскерлер жедел құрамының бөлімшелерінен 20 қосынды рота жасақталды.1995 жылғы сәуірдің 7-сінде Пшихавр шатқалында Ішкі әскерлер моджахедтермен ұрыста 17 жауынгерінен айырылды. Боздақтар Отанның және ТМД елдерінің мүддесін қорғау жолында опат болды. Деректі фильмнің авторы режиссер-қоюшы Рустам Одинаев. «Қазбат» фильмі жауынгерлердің ? ұрысқа тікелей қатысқандардың және әр жылдары тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен әскери қызметшілердің естеліктері бойынша шынайы оқиғалардың негізінде жасалды.Фильмнің таныстырылымы Жеңіс күні қарсаңында өтеді және оның негізгі мақсаты ? жастарға отансүйгіштік тәрбие беру.Фильмнің таныстырылымына қала тұрғындары мен қонақтары, ардагерлер, әскери қызметшілер, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.