«Қазцинк-Торпедо» Орск қаласының құрамасын жеңді

None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасын қабылдап, қарсыласты 2:1 есебімен жеңді.

Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Бірақ екі минуттың ішінде алаң иелері таразы басын теңестіре білді. Ал екінші кезеңнің аяқталуына бір минуттай қалғанда, Өскемен құрамасының форварды Евгений Рымарев есепті ұлғайтты. 2:1. Үшінші кезеңде «Южный Урал» өз шабуылдарын үдетіп, есесін қайтаруға тырысты. Дегенмен, «Қазцинк-Торпедоның» тасқамал қорғанысын бұа алмады. Қорытынды есеп - 2:1. Бұл ойыннан кейін Өскемен қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 7-ші орынға көтерілді. Оның еншісінде 56 ұпай бар. Дегенмен, Өскемен хоккей клубының 4-5 ойынға кем ойнағанын ексерсек, көш басына шығуға әлі де талай мүмкіндік болады.

Айта кеткен жөн, Италияның Трентино қаласында өткен қысқы Универсиадаға байланысты «Қазцинк-Торпедоның» ойындары кейінге шегерілген болатын.