Комиссия қыркүйек айында оқ бойы озық болған ойыншыларды сұрыптап алды. Олар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Лиганың үміті» атақтарына ие болды. Оның ішінде «Қазцинк-Торпедоның» ойыншысы Юрий Сергиенко да бар. Ол сегіз матчта төрт ұпай жинап, қарсыластардың қақпасына бір шайба салды.
Айта кетейік, бүгінде Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Ол сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, тек бір ойында ғана қарсыласына булиттен жол беріп қойды.