«Жоғалған әріптесіміздің үлкен үйінді астында қалғанын есепке ала отырып, «іздестіру-құтқару» жұмыстарының «құтқару» санатына көшкенін қайғыра отырып хабарлаймыз. «Қазцинк» ұжымы машинистің туысқандарына шын жүректен көңіл айтады. Бүгінге дейінгі барлық әрекетіміз әріптесімізді құтқарамыз деген үмітке толы болатын. Апат орнындағы мамандар әлі де тәуліктік режимде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - дейді серіктестіктің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых.
Айта кетейік, 24 тамыз күні Риддер қаласының іргесіндегі Тишин кенішінде топырақ опырылып, машинист үйінді астында қалып қойған болатын.