KazEnergi-дің мұнай-газ саласындағы білім берумен және мамандарды даярлаумен айналысатын жұмыс топтары құрылды

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада «KazEnergi» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының» білім,

кадрларды даярлау және персоналды басқару жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның барысында мұнай және газ саласында үш жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үйлестіру кеңесінің төрағасы Питер Дрэнфилдтің айтуынша, түрлі министрліктерде, компанияларда және басқа да ұйымдарда өзгеше болуы мүмкін техникалық стандарттар мәселелері бойынша қазіргі таңда жан-жақты талқылау жүріп жатыр. Осыны ескере отырып, бірінші жұмыс тобы ағымдағы жағдайды бағалаумен, яғни мұнай-газ саласында қанша кадр бар, алдағы бірнеше жылда сұраныс қаншалықты артады деген мәселелермен шұғылданатын болады. «Біз Қазақстанда техникалық оқыту қалай жүргізіліп жатқанын барынша мұқият білгіміз, ел бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау жағы бірыңғай ма, әлде кадрларды даярлау жөніндегі шешімді әрбір оқу орны жеке қабылдай ма, осыларды нақтылағымыз келеді», - деді ол.Екінші жұмыс тобы жергілікті мазмұнды дамыту мәселелеріне маңыз береді. «Бұл жұмыс тобының міндеті ? білімді, әдепті, тәжірибелі мамандарды түрлі компаниялардағы жоғары қызметтерге тартуға мүмкіндік жасау», - деді ол. Ал, үшінші жұмыс тобы мұнай-газ саласына шетелдік жұмыс күшін тартатын рұқсат беру жүйесі жұмысының тиімділігін зерттеумен шұғылданады. П. Дреэнфилд Үйлестіру кеңесінің алдында тұрған мақсаттар стратегиялық маңызға ие екенін және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада бүкіл мұнай-газ және энергетикалық кешеннің жұмысына септігін тигізетінін атап өтті.