Бүгін 2-ші «Ұлттық энергетикалық баяндаманы» шығаруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Шараға «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұ.С. Қарабалин, «KAZENERGY» Қауымдастығының бас директоры Б.У.Ақшолақов, «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялар және сату бойынша басқарушы директоры К.Т.Молдабаев, EnergyInsight IHS аға ғылыми қызметкері Д.Берков қатысты.
«Электр қуатын тұтынудың өсімі туралы айтқан ҰЭБ авторлары оны тұтыну өсімі бұрын болжаған көрсеткіштен әлдеқайда төмен болатынын атап көрсеткен. Болжам бойынша электр энергиясын пайдаланудың жылдық орташа өсімі 2015-2040 жылдары аралығында 1-1,2% деңгейінде болады деп қарастырылған. Электр энергиясы өндірісінің көлемі 2030 жылға қарай 111 млрд кВт*с деп бағаланып отыр. Бұл Қазақстан бойынша негізгі болжамнан кем дегенде 34 млрд кВт*с-ға кем», - делінген хабарламада.
2015 жылғы баяндамада энергия ресурстарының ірі пайдаланушыларының бірі және Қазақстанның маңызды серіктесі Қытайдағы энергетикалық сектордың дамуына да жеке зерттеу жүргізілді.