KazEnergy әйелдер клубы өз дағдыларын саладағы ахуалды жақсартуға пайдаланады – Ләззат Рамазанова
KazEnergy әйелдер энергетикалық клубы өз дағдыларын саладағы ахуалды жақсартуға пайдаланады. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Энергетика саласында әйелдердің жұмыс істеуінің жөнсіздігі жоқ. Бұл Қазақстан тарихындағы жаңалық емес. Ол үнемі болған. Дегенмен, бүгінде біз жаңа кадрлармен толықтыру қажеттігі жайлы айтып отырмыз. Қыздарымыз жігіттермен қатар тұрып, экономиканың жоғары жалақы төленетін салаларында жұмыс істегенін қалаймыз. Олар да толық бір саланың дамуына үлес қосуы тиіс. Бұл салаларға жұмыс істеуге қаратын кез келген адамға бұрыннан бері қатаң талап қойылады. Ол: жоғары кәсібилік, қатаң тәртіп және көптеген дағды. Қазақстан экономикасының көптеген саласы цифрландыруға бет бұрып жатыр. Бұл да уақыт талабы», - деді ол KazEnergy энергетикалық форумы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бүгінгі форум аясында STEM (STEM - жаратылыстану, технология, инженерия және математиканы біріктіру үшін қолданылатын кең ауқымды термин) саласында қанша әйел жұмыс істейтіндігіне қатысты мәселе талқыланғанын атап өтті.
«Бізде STEM-де жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 0,2 пайыз ғана. Ал экономиканың барлық саласына нық қадам басқан ІТ саласын алсақ, ондағы әйелдер үлесі әлем бойынша 29 пайызды құрайды. Барлық өндірістік және бизнес-процестер цифрлық форматқа көшіп, бағдарламалар мен технологиялық процестердің басым бөлігі жасанды интеллектімен бақыланатын жағдайда бұл әйелдерге ғана емес, ерлерге де үлкен сын-тегеурін. Сондықтан да KazEnergy әйелдер энергетикалық клубы өзінің кәсіби және зертеушілік дағдыларын саладағы жағдайды жақсартуға жұмсайтын болады», - деді Ләззат Рамазанова.