Бұл шараны өткізуге «Kazenergy» қауымдастығы мұрындық болып отыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айында алдына Ұлы Отан соғысы жайлы естелікті сақтап қалуды мақсат етіп қойған «Жеңіс ұрпақтары» жаңа қайырымдылық акциясын бастап та жіберген еді.
«Акция аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды, ал бүгін біз осы үлкен жобаны аяқтап, ардагерлер сырқаттанып қалған жағдайда дәрігерлік көмек бере алу үшін оларды медициналық сақтандырудың бағдарламасын ашып отырмыз. Бұл бірегей бағдарлама, өйткені бұрын-соңды мұндай акцияны ешбір компания ұйымдастырмаған», - дейді «Kazenergy» атқарушы директоры Әлиакпар Мәкішев.