«Соңғы 10 жылда әлемде газды көлік отыны түрінде пайдалану 7 есеге артты. Қазақстанда бұл бағытта қанатқақты жобалар енді ғана басталды. Бұл Алматы қаласында «ҚазТрансГаз» жүзеге асырып отырған жобалар, сонымен қатар осы тектес бағдарламаны олар Шымкентте бастауда. Резервтер ауқымды. Біздің пайымымызша, Қазақстанда отынды тұтынудың құрылымында газмоторлық отынның үлесі бес пайызға дейін жетуі мүмкін», - деді ол.
Сонымен қатар Ә. Мағауов газды өндіру мәселесіне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта сұйық көмірсутектердің негізгі бөлігі өндірілгеннен кейін, тауарлық газды өндіру деңгейі артады.
«Біздің болжам бойынша, болашақта, яғни 2021 жылдан кейін тауарлық газды өндірудің төмендеуі байқалады. Алайда, 2030 жылға қарай газдың осы түрін өндіру артатын болады. Осы кезеңде бізге газды өңдейтін қуаттарды арттыру керек, сондай-ақ газды бөлу мен тасымалдау мәселелеріне мән беру қажет», - деді бас директор.