Бұл құжатта Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің ахуалы мен даму болашағы қамтылған.
Қауымдасықтың Бас директоры Әсет Мағауовтың айтуынша, аталған ұлттық баяндаманы әзірлеу идеясын қауымдастық төрағасы Тимур Құлыбаев ұсынған. «Оны даярлауға салалық министрліктер, ғылыми-зерттеу институттары, қауымдастық мүшелері мен бірқатар консалтингтік компаниялар тартылды»,-деді ол.
Баяндамада отын-энергетикалық саладағы жағдай бойынша тың мәліметтер мен талдаулар және сарапшылардың қорытындылары қамтылды.
Бас директордың сөзіне қарағанда, құжатты әзірлеу кезінде Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің ұсыныстары, сондай-ақ энергетика саласындағы жаһандық зерттеулер мен болжамдар ескерілді.