Kazenergy VIII еуразиялық форумы аясында «Ханымдар» клубының бірінші отырысы өтті
Онда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін отандық және шетелдік компания өкілдері бас қосып, энергетиканы дамытудағы нәзік жандылардың рөлін талқылады. Мәселен, елімізде ауыр саналатын салада қызмет ететін әйелдердің үлесі 25 пайызды құрайды. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40 пайыздан асады. Сондықтан мамандар адамды қабілетіне қарай бағалау керектігін алға тартады.
«Норвегияда әйелдердің 42 пайызы, еркектердің 58 пайызы қарқынды даму үрдісіндегі ірі компанияларда қызмет етеді. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, олардың экономикасы тұрақты дамуда. Бірақ Греция, Италия, Кипр, Испания сынды мемлекеттерде гендерлік теңдік мәселесі шешімін таппаған. Сондықтан экономикасы да тұрақсыз», - дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова.