Меморандум Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібін нығайту мақсатында салалық бірлестіктер арасындағы өзара әріптестікті күшейтуге бағытталған. Жекелей атайтын болсақ, келісім аясында инновациялық технологияларды қолдауға жәрдемдесу, жаңа заман талаптарына сәйкес қазақстандық мамандарды даярлау, екі елдің мұнайдан түскен пайданы тиімді игеру тәжірибелерімен алмасу, шетел және отандық мұнайшылардың гуманитарлық байланысына жағдай жасау, сондай-ақ басқа да серіктестік қарым-қатынастар орнату көзделген.
Аталмыш көрме мен конференция Аса мәртебелі Король Харальд V-шінің тікелей қолдауымен солтүстік теңіздердің қайраңдық белдеулерін игеру қорының (ONSF) ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
ONS конференциясы халықаралық деңгейде мұнай және газ өнеркәсібіне қатысты экономикалық, саяси және технологиялық мәселелер мен аспектілерді ортаға салып, талқылауға арналған беделді аренаға айналып отыр. Биылғы конференция ауаны ресурстарға жалпы қолжетімділікті кеңейту мен оны тиімді пайдалану, салдарлары аз энергия көздерін энергиялық тиімді әдістермен алу, сонымен қатар жаңа әрі қайтарымды энергия қорларын іздестіру сынды тақырыптарға негізделді.
Форум аясында мұнай фестивалі, конференция, инновация байқауы және жас кәсіби мамандар байқауы өткізілді.
ONS конференциясы барлық оффшорлық белдеулерде мұнайгаз саласына қатысты орын алатын қатынас түрлеріне: өндіру, барлау, мұнай мен газды тасымалдау, бұрғылау қондырғылары мен құрылғылары, су транспорттары мен жабдықтары, терең су астында жұмыс жасауға қажетті керек-жарақ, ғылыми-техникалық жетістікті амалдар мен соңғы зерттеулері, қызмет көрсету салаларына арналған.