«KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» жерсеріктерін жасаушылардың кепілдігі бойынша олар 2021 жылға дейін жұмыс істеуі қажет болған. Дегенмен біздің инженерлер оны қарап, олардың қолдану уақытын 2023 жылдың соңына дейін ұзартқан. Біздің болжамымызға сай, қазіргі ұшып жүрген жерсеріктер 2026-2027 жылдарға дейін жұмыс істеуі керек. Алайда, оларды ауыстыру қажет. Бұл өте маңызды мәселе», - деп жауап берді Баубек Оралмағамбетов.
Оның айтуынша, «KazEOSat-1» спутнигін ауыстыру бойынша қазір техникалық құжаттама әзірленіп жатыр. Келер жылы аталған жерсерікті құрастыратын компаниямен келісімге қол қою жоспарланып отыр.