деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазЭУ ректоры Әли Әбішевтің айтуынша, Университет 3 кезеңді білім беру жүйесін 2005 жылы қабылданған 2015 жылға дейінгі білім саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында қабылдаған. Жаңа жүйе бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындау соңғы 5 жылда жүзеге асырылып келеді. Салтанатты шара барысында университет ректоры жаңадан PhD докторлары атанған түлектерге табыс тіледі. Университет ректоры өз сөзінде бұл түлектердің жаңа бағдарлама бойынша білім алушылардың алдыңғы толқындарының бірі екендігіне тоқталды.