«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл өңірін дамыту жөніндегі басымдықты бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысады
11:18, 24 Желтоқсан 2009
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл өңірін дамыту жөніндегі басымдықты бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысады.
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың
«Қазфосфат» басшылығымен болған кездесудің барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Қ.Бозымбаев Сарысу ауданында болып, аудандағы негізгі кәсіпорын болып саналатын «Қазфосфаттың» бірқатар нысандарын аралады, компанияның қызметімен, оның инвестициялық жобаларымен танысты.
Кездесуде талқыланған мәселелердің қатарында энергиямен жабдықтау және компания өнімдерін сату саласындағы проблемаларды шешуге облыс әкімдігінің тарапынан көмек көрсету мәселесі болды.
«Облысымыздағы ең ірі салық төлеушіге біздің тарапымыздан қажетті қолдаудың бәрі көрсетіледі», - ден сендірді облыс басшысы.