Қазғарыш ғарыш саласының қызметкер әйелдерін көктем мерекесімен құттықтады

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев наурыздың 8-і- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазғарыш агенттігінің қызметкер қыз-келіншектерін көктем мерекесімен құттықтады.

Қазақстанның жаңа ғарыш саласын құрудағы әйелдердің роліне тоқталған Т.Мұсабаев, бүгін Қазғарышта негізгі қызметтерде кәсіпқой, ғарыш ісіне берілген жауапты адамдардың еңбек етіп жатқанын атап көрсетті.

«Агенттік ұжымының 45 пайызын әйелдер құрайды, олар отбасындағы өздерінің негізгі отаналық міндеттерімен қоса, ер азаматтармен қатар және тең қызмет етуде», деді Т.Мұсабаев өз сөзінде.

Көктем мерекесінің құрметіне Қазғарыш қыз-келіншектеріне гүл шоқтары табыс етілді және мерекелік сыйақы берілді.