Атап өтерлігі, «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан зондтау ғарыштық жүйесінен алынған ғарыштық суреттерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыну қызметі» республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес ғарыштық мониторингілеу өнімдері мемлекеттік органдарға олардың өтінімдеріне сәйкес өтеусіз негізде ұсынылады.
Ғарыштық суреттердің негізгі тапсырыс берушілері мыналар: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары, Азаматтық авиация комитеттері, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі.