Ұлттық компанияның қызметкерлері өздері ерікті түрде жинаған қаржыға тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арнап мектепке қажетті жабдықтарды алып берді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов жазған құттықтау қағазда тек жылы лебіз ғана емес, балаларға болашақта жақсы білім алып, Қазақстанның ғарыш саласының мамандары болуға шақырған үндеу де болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевтің айтуынша, көрсетілген көмек үлкен де қайырымды көмектің бір тамшысы іспеттес болғанымен, оның өзі балаларға мектеппен қауышуға мүмкіндік беретін зор қуаныш болары сөзсіз.