«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин бастаған компания өкілдері мәртебелі қонақтарды ҰҒО нысандарымен таныстырды, компания қызметі туралы айтып берді.
Кездесу кезінде ISRO Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы мен Қазғарыш ынтымақтастығының перспективалық бағыттары мәселелері талқыланды.
«Таяу уақытта біз ISRO ұсыныстарын береміз, өйткені біз Қазақстанмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз», - деп атап өтті Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн.