ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Аэроғарыш» комитетінің төрағасы, ғарышкер Талғат Мұсабаев еліміздің қазақстандық ғарышкерді ұшыру туралы оң шешіміне байланысты Айдын Айымбетовті құттықтады.
«Сенің ұшуыңды Елбасымыз, біздің ғарыш ведомствомыз және барша Қазақстан халқы қолдады. Ғарышкер болу мәртебесі әркімге бұйырмады. Сені жақсы түсінемін және алға қойылған міндетті абыроймен орындайтыныңа сенімдімін», - деді Т. Мұсабаев.
Талғат Мұсабаев, оның орынбасарлары Ерғазы Нұрғалиев, Мейірбек Молдабеков, Еркін Шаймағамбетов Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуын ұйымдастыру шаралары және техникалық мәселелерді талқылады.
Отандасымыз Айдан Айымбетов болатын үш адамдық экипаж «Союз ТМА - 18» ғарыш кемесімен Байқоңырдан 2015 жылдың 1 қыркүйегінде ұшады деп жоспарланған.