Қазғарыштың 5 жылдығына арналған жиын өтеді

None
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Қазғарыштың құрылғанына 5 жыл толуына және адамзаттың ең алғаш ғарышқа самғау күніне арналған салтанатты жиын өткізеді.

Іс-шараға Қазғарыш агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ аталған ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері қатысады.  Салтанатты жиын барысында агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев Қазғарыштың 5 жылдағы қызметінің қорытындысы турасында баяндама жасап, ұжым қызметкерлерін құттықтайды.

«Шара барысында агенттіктің еңбегімен көзге түскен қызметкерлері «Қазақстан Респубилкасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, құрмет грамоталарымен және Қазғарыштың «Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл» төсбелгісімен марапатталады», - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.