«Қазгеология» моноқалалардың маңынан кен орындарын іздестіруде

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгеология» АҚ қазіргі уақытта моноқалаларға жақын жерлерде кен орындарын іздеп, бағалаумен айналысуда. Бұл туралы бүгін «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ғалым Нұржанов мәлім етті, деп хабарлады primeminister.kz.

«Стратегиялық тапсырмалардың бірі моноқалалардағы өнеркәсіптік нысандарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін жаңа кен орындарын іздеу және бағалау болып табылады, біз бұл жұмысты бастап кеттік», - деді Ғ.Нұржанов.

Сонымен қатар, ол аталған салада жұмыс жаңа кен орындарын құру үшін ірі жер қойнауын пайдаланушылармен жүргізілетінін атап өтті.

Мұнымен бірге, еліміздің минералды-шикізат базасын қамтамасыз ету үшін ұйым алтын, полиметалл, сирек жер металы сияқты стратегиялық минералды шикізатты іздеу және барлаумен айналысады.

Бұдан өзге, газ пайдаланумен байланысты, Қарағанды көмір бассейнінің метанға төзімділігін геологиялық зерттеу жүргізіледі.