деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Серіктестік директорының орынбасары Әнуәрбек Томановтың айтуынша, еліміздің 30 серпінді жобасы бойынша жүзеге асырылып отырған ауқымды іс толықтай шешімін тауып отыр. Ақпан айынан бастап жалпы сомасы үш миллиард теңгені құрайтын құс өндірісі кешені толық қуатында жұмыс жасайтын болады. Бұл жылына 150 миллион дана жұмыртқа алуға мүмкіндік бермек. Қазіргі кезде 6 цех іске қосылып, соңғы екеуінде құрастыру жұмыстары аяқталып келеді. Аудан орталығынан 100 адам жұмысқа тартылып, олардың орташа айлық табыстары 35 мың теңгені құрап отыр. Германдық озық технологияға негізделген өндіріс жүйесі толықтай автоматтандырылып, компьютермен атқарылады. Алдағы уақытта құс етін өңдеу іске асырылмақ.