Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей тұстарында боран соғып, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының жер-жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының кейбір аудандарында боранға ұласқан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Алматы, Маңғыстау, түнде Қарағанды облыстарының кей аудандарында тұман түседі.
Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарының кейбір тұстарында түнде қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында түнде қатты аяз, жер-жерлерде аяз қатты күшеюі мүмкін.