Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының бірқатар жерлерінде тұман түседі. Павлодар, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 20 м/с-қа дейін баратын қатты жел соғады.
06:03, 01 Наурыз 2014
Қазгидромет: 1 наурызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні республиканың солтүстік-шығысында атмосфералық фронталдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып келеді, кей жерлерде қар жауып, жел күшейіп, боран соғады. Қазақстанның батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып келеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.