Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болып, соңғы екі өңірге тұман түседі деп күтілуде.
Павлодар облысының кейбір аудандарында желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Ал Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарын жел күшейіп, күші15-20 м/с болады деп күтілуде.
Алматы облысында да жел тұрып, екпіні секундына 17-22 метрге, ал Жалаңашкөл ауданында 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, бүгін Жамбыл облысының жер-жеріне тұман түсіп, желдің күші 23-28 м/с дейін барады деген болжам бар. Қызылорда облысында да жел күшейіп, 15-20 м/с дейін барып, шаңды дауыл болса, Маңғыстау облысында тұман түседі деп күтілуде.