Синоптиктердің болжамына сәйкес, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
— Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана аздаған қар жауады. Республика бойынша тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстанда үш автожол жабылғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Қостанай қаласында қаңтар айында температура рекорды жаңарғанын хабарладық.