Қазгидромет: 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, тұман сақталады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с болып, кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жел күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман, көктайғақ күтілуде. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жер-жерлерде боран, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында күндіз кейбір жерлерде боран, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с дейін барады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, күндіз жер-жерлерде көк тайғақ болады, желдің екпіні 18 м/с болады. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысында түнде жер-жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде боран соғады, 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман күтіледі.