Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.